osko 2

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСТИТУТТАРЫН ЕНГІЗУ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН ӘДІЛДІГІН ҚҰРУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Қоғамдық кеңестер құру бойынша заңнамалық актісін әзірлеу қажеттілігін айтып және «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында Қоғамдық кеңестердің маңыздылығына айырықша мән берген.Осы тұрғыда, 2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентімен «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.

 

Бүгінгі күнде облысымыздың барлық қала және аудандарында Қоғамдық кеңестер құрылып әрекет етуде. Бұл халықтың әр түрлі өзекті мәселелерін талқылап, дұрыс шешімдер қабылдауға келіссөз жүргізетін алаңға айналған.

Қоғамдық кеңестердің мемлекет пен қоғам өміріндегі маңыздылығын ескере отырып, ағымдағы жылдың 10 тамызында Абай ауданының Мәдениет үйінің нысанында Қарағанды облысының Қоғамдық кеңестерінің алғашқы съезі өтті.

Департамент басшысының м.а. Б.Ахметов айтқандай, аталмыш іс-шараның мақсаты Қоғам институттарының жұмысын одан әрі жетілдіру және олардың ішкі жұмыс үрдістерін оңтайландыру болып табылады. Себебі, қоғамдық кеңестер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  қысқарту мен азайтудың механизмі болып табылады. Сондықтан, Департамен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша уәкілетті орган болғандықтан осы съезді өткізуде.

Өз пікірін, Абай ауданының әкімі Б.Асановта білдірді. Аймақ басшысы өз сөзінде кейінгі жылдары ауданның ішкі-саяси өміріне қоғам өкілдері белсенділікпен араласатындығын айтты.

IMG 4769Өз кезегінде, Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Е.Әбілдин және Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Л.Куанышбекова қоғам мүшелерін белсенділікті бәсеңдетпей, еліміздің жылдам дамуының өзгерістеріне сай жұмыс атқаруға шақырды.

Халықтың тұрмыс-тіршілігіне цифрландыруды, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде түрлі үрдістерді жеңілдендіретін түрлі мобильді қосымшаларды енгізу мәселесі де қызу талқыға салынды. Нәтижесінде, қоғам өкілдері халық арасында цифландыру мен жаппай ақпараттық жұмыстарды жүргізу, сонымен қатар облыстың шалғай аймақтарын интернетпен қамту мәселесін жылдамдатуды ұсынды.

Съезге облыстық және аймақтық қоғамдық кеңес пен Арнайы мониторингтік топ төрағалары мен мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, саяси партия өкілдері, бұқаралық ақпараттар қызметі қатысты.

Съез қорытындысы бойынша, делегаттармен заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу және Қоғамдық кеңес жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.