osko 2

15.12.2018 Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 9 адам, оның 3-і – мемлекеттік органның өкілдері, 6-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) үлгі бойынша өтініш (үлгі облыстық мәслихаттың сайтында: www.karoblmaslihat.gov.kz);

2) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Кандидат соттылығы болмауы, психологиялық ауруы, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмауы тиіс.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2019 жылдың 3 қаңтарына (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй, 3-қабат.

Электрондық мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: 8 (7212) 506673, ішкі 6104.